/img/1920х100.png
/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 24 580,91 Hang Seng 24 266,06
FTSE 100 6 045,69 РТС 1 215,69
KASE 2 384,89 Brent 36,55
Ресей вирус жұқтыру көрсеткіші бойынша екінші орында

Ресей вирус жұқтыру көрсеткіші бойынша екінші орында

Covid-19 құрбандарының саны 2100-ден асты.  

12 Мамыр 2020 18:17 152

Ресей вирус жұқтыру көрсеткіші бойынша екінші орында

Ресейде осы күнге дейін 232 мыңдай адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді. Джонс Хопкинс Университетінің мәліметіне сүйенсек, көрші ел ауруға шалдыққандар саны бойынша екінші орынға табан тіреді. Бірінші орында – АҚШ мемлекеті. Ондағы науқастардың саны 1,3 миллионнан асқан. Ал 224 мың жұқтыру фактісі тіркелген Испания үшінші орында.

Ескере кететін жайт, 11 мамырда РФ-ның президенті Владимир Путин ел аумағында демалыс күндерінің аяқталғанын жариялады. Енді әр өңір шектеу шараларын қысқарту туралы шешімді өз бетімен қабылдайды. Мәскеу қаласында 12 мамырдан бастап құрылыс және өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысын бастады. Тұрғындар қоғамдық орындарда міндетті түрде маска киіп жүруге міндеттелді. Ережеге бағынбағандарға 4 мың, не одан көп мөлшерде айыппұл салынады.

Індет кең етек жайған елдердің қатарында аталған елдерден бөлек Италия, Франция, Германия, Бразилия, Түркия, Иран және Қытай бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлемде коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны 4 миллионнан асып, оның 278 мыңы жазылған.

Табиғат Нұрболат

Коронавирус: G20 саммитінің қорытындысы

26 наурызда G20 елдері басшыларының саммиті алғаш рет видео конференция форматында өтті.

27 Наурыз 2020 10:20 259

Коронавирус: G20 саммитінің қорытындысы

Тараптар коронавируспен күрестегі бірлескен әрекеттер мен пандемияның экономикалық салдарын талқылады. 

Олар мынадай келісімге келді:
- Коронавирус пандемиясымен бірлесе күрес жүргізу;
- Індет салдарымен күреске 5 трлн доллар бөлу;
- Халықаралық сауданың тұрақты және еркін жүргізілуін қамтамасыз ету үшін бірлесе жұмыс атқару;
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ және Халықаралық валюта қорымен бірлесе індетке қарсы күрес жүргізу;
- ДДҰ-на қаржылай көмек көрсету;
- Коронавирус пандемиясы кезінде ДДҰ-ның өкілеттігін кеңейту;

Сонымен қатар G20 елдері Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банкті пандемия салдарына қатысты мәліметтермен бөлісуін сұрап, Халықаралық еңбекті ұйымдастыру және экономикалық ынтымақтастық пен даму Ұйымына пандемияның жұмыс орындарына қалай әсер етіп жатқанын қадағалауды тапсырды.

Табиғат Нұрболат

Үндістан экономикасын ынталандыру үшін 22,6 млрд доллар бөледі

Биліктің мұндай шешімді қабылдауына пандемия түрткі болып отыр.

26 Наурыз 2020 17:38 250

Үндістан экономикасын ынталандыру үшін 22,6 млрд доллар бөледі

Үндістан үкіметі коронавирус пандемиясынан зардап шеккендерге 22,6 млрд доллар шығындамақ. Елдің қаржы министрінің айтуынша, одан бөлек азық-түлік мәселесі де қарастырылатын болды. 

Алдағы үш айда билік жағдайы төмен тұрғындарды тегін газбен қамтамасыз етіп, медициналық қызметкерлерге 5 миллион рупий көлемінде сақтандыру төлемін үлестірмек.

Айта кететін жайт, Үндістанда 25 наурыздан бастап қатаң оқшаулану режимі енгізілген. 21 күн бойы барлық өңірлер арасындағы шекаралар жабық болады. Барлық тұрғындар үйлерінен шықпауы тиіс, яғни коменданттық сағат жарияланды. 

Соңғы ресми мәліметке сүйенсек, елдегі науқастардың саны 649-ға жеткен, 13 адам індеттен қайтыс болған.

Табиғат Нұрболат