Ресейден Ми-8, Ми-171 тікұшақтарының кезекті партиясын жеткізіледі

988

Ресейден Ми-8, Ми-171 тікұшақтарының кезекті партиясын жеткізіледі

Ресей Федерациясы алдағы таяу уақытта Қазақстанға Ми-8 және Ми-171 үлгісіндегі тікұшақтарын жеткізу бойынша жаңа келісімшарттарды жасауға ниетті, деп хабарлайды Ресей жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.

 "2014 жылдан бері Ресейдің қару-жарақтар мен әскери техникаларының экспорты желісі бойынша біз Қазақстанға Ми-8АМТ, Ми-171Е және Ми-171Ш тікұшақтарын жеткіздік және жаңа жеткізілімдерді жоспарлап отырмыз. Тиісті келіссөздер жүргізілуде", - деп атап өтті Ресей жаңалықтар агенттігіне берген сұхбатында "Ресей тікұшақтары" холдингі бас директорының орынбасары Игорь Чечиков. Чечиков сондай-ақ, холдинг Қазақстанда пайдаланылып жатқан Ресейде өндірілген тікұшақтарға сервистік қызмет көрсетуді жетілдіретінін атап өтті. Ми-8/17 тікұшақтары медико-санитарлық және іздестіру-құтқару жұмыстарында қолданылады, жүк және жолаушылар тасымалын жүзеге асырады, орманды және балық аулау кәсібін қорғау жұмыстарына жұмылдырылған. Ми-171Ш тікұшақтары жеке құрамды, сондай-ақ кабина ішінде және сыртқы аспасында жүктерді тасымалдауға арналған. Оны құтқару операцияларына пайдалануға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу