Ресейлік теннисші Александр Бублик енді жарыстарға Қазақстанның атынан шығатын болды, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған egemen.kz.
19-жасар Бублик қазан айында Мәскеудегі Кремль кубогында ширек финалға дейін жеткен. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында енді бірнеше жыл Қазақстанның атынан шығатынын хабарлаған. "Мен енді Қазақстанды таныта алатыныма қуаныштымын", — деп жазды теннисші.
Бүгінгі таңда Александр Бублик АТР рейтінгінде 214 орында тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу