Режиссер Ақан Сатаев Еуразия шығармашылық одағының шешімімен "Еуразия жүлдесі - 2017" марапатын иеленді. Ол "Кинорежуссура" номинациясы бойынша лауреат атанды, деп хабарлайды Brod.kz.
Марапат салтанатты түрде Алматыдағы Ресей Федерацияның бас елшілігінде өтті.
"Еуразия жүлдесі" 2013 жылдан бері музыка, әдебиет, кинематограф, өнер және ғылым салалары бойынша беріліп келеді.
Айта кетейік, аталмыш марапатты еліміздегі театр және кино актері Асанәлі Әшімов, композитор Арман Дүйсенов, ақын Олжас Сүлейменов, "АРТиШОК" театрының жетекшісі Галина Пьянова иеленді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу