Рубль неге нығайды?

873

Қаңтар-сәуір аралығында Қазақстандағы айырбастау пункттерінде ресей рублін нетто-сату көлемі былтырғы кезеңнен 6,1%-ға артық болды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме беріп. 

Рубль неге нығайды?

Ресей рублін нетто-сатудың ең үлкен көлемі елордада және Ресеймен шекаралас облыстарда тіркелген. Мәселен, жартысына жуығы тек төрт өңірге тиесілі: Нұр-Сұлтан (37,3 млрд тг), Шығыс Қазақстан (31,9 млрд тг), Қарағанды (20,5 млрд тг) және Павлодар (20,4 млрд тг) облыстары.

Ресей рублінің нетто-сатылымының ең аз көлемі Түркістан (563,8 млн тг) және Қызылорда (606,8 млн тг) облыстарына тиесілі болды.

26 мамырда Ресей рублінің ресми айырбас бағамы 7,41 теңгеге жетті. 1 мамырда 6,33 теңге болған. Алайда 29 мамырға қарай көрсеткіш 1 рубль үшін 6,48 теңгеге дейін төмендеді. Сондықтан қалыптасқан жағдайда Ресей валютасы тұрақты деп айтуға негіз жоқ.

Соғыс басталғалы құлдыраған рубль валютаның жасанды профициті есебінен нығайып отыр. Шетелдік брендтертің Ресейден кетуі және бұрын-соңды болмаған санкциялар импорттың күрт төмендеуіне және онымен бірге валютаға деген сұраныстың төмендеуіне әсер етті. Сондай-ақ РФ Орталық банкінің валюта алу немесе оны шетелге ауыстыру мүмкіндігі шектелді.

Сонымен бірге ресейлік экспорттаушылар – ең алдымен табиғи ресурстарды экспорттаушылар – жеткізілімдерді жалғастыруда. Билік оларды биржадағы кірістің 80%-ын сатуға міндеттеді.

Сонымен қатар Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы сарапшыларының пікірінше, рубльдің нығаюы салық төлейтін кезең – 25 мамыр жақындауына байланысты болды. Бұл кезде теңге де нығайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу