Руслан Жапаров әскери ойындардан "алтын" алды

742

ҚР ҚМ АОСК-ның спортшысы  кіші сержант Руслан Жапаров Қазақстан Қарулы Күштерінің қоржынын алғашқы алтын медальмен толықтырды.  

Руслан Жапаров әскери ойындардан "алтын" алды

Шешуші кезеңде армияшы 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері ресейлік спортшы Владислав Ларинді ойсырата жеңді, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Тартысты әрі ымырасыз бәсекеде Руслан керемет дене даярлығын, шеберлігі мен ерік күш-жігерін паш етті. Жоғары деңгейдегі аталмыш марапат отандық армиялық спорттың салмақты әлеуетінің куәсі, Қазақстан Қарулы Күштерінің халықаралық беделін нығайтуда қомақты үлес болды", – деді таеквондодан ҚР ҚК құрамасының капитаны майор Әнуар Үсенов.

Естеріңізге сала кетсек,  VII жазғы CISM Бүкіләлемдік әскери ойындары (Халықаралық әскери спорт кеңесі)  спорттың 27 түрінен өтіп жатыр. Оған әлемнің 109 елінен 9308 мықты әскери спортшы  қатысуда.

Спортшылар спорттың 27 түрінде 329 жиынтық жүлдені ойнатады. Қазақстан спорттың 11 түріне қатысады. Атап айтқанда, таэквондо, еркін күрес, дзюдо, оқ ату, бокс, грек-рим күресі, заманауи бессайыс, жүзу, спорттық бағдарлау, жеңіл атлетика және пентатлон.  Құрамамыздың құрамында 103 әскери спортшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу