Рүстем Жүрсінов: Ең алдымен өткір проблемаларға баса назар аудару керек

812

Экономика салалары туралы сөз қозғағанда ең алдымен өткір проблемаларға, солардың шешілуіне баса назар аударылуға тиіс. VIII CFO саммитінде Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рүстем Жүрсінов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды іnbusiness.kz.

Рүстем Жүрсінов: Ең алдымен өткір проблемаларға баса назар аудару керек

"Біз ең алдымен өзімізге жайсыз тиетін өткір мәселелерге көбірек бас қатыруымыз керек. Мәселен, бизнес кем дегенде алдағы үш жылда нақты фискалды саясатын айқындап алуға тиіс. Мұнда құрамында қанты мол сусындардың акцизі туралы әңгіме айтылды. Онда неге сол талаптан конфеттер, алкогольдік өнімдер айналып өтуі керек? Ал бұл әңгіменің өзі қанттың қымбаттауымен қалай үндеседі? Күнде-күнде отырып алып, "жеңілдіктердің бәрін алып тастайық" деп айғайлайтын болыппыз. Ал бізде сол жеңілдіктердің саны қанша? 260 па? Ал сол жеңілдіктерді енді қандай ережелермен алып тастағалы отырсыздар?" - дейді Рүстем Жүрсінов.

Оның айтуынша табыс құрылымында фискалды түсімнің үлесі бар-жоғы – 13 пайыз. Одан төмен көрсеткіш ел тарихында болмаған. 

"Біз шығындарды қысқартайық дейміз? Ал бұған дейін тіркелген шығындарды қайда апарамыз? Яғни көп сұрақты талқылаймыз. Бәлкім, оны көпшіліктің алдында көтерудің өзінің этикалық сипаты болмауы мүмкін. Алайда бұл әңгімелер айтылып жатыр. Бизнес те өз сараптамасын жасауға тиіс. Неліктен? Себебі тауар түрлерін бизнесмендерден артық кім біледі? Бәрін бірлесе талқылау керек", - деп атап өтті ол.

Рүстем Жүрсіновтың сөзіне сенсек, кеденде де өте "ыңғайсыз" сұрақтар қордаланып қалған. 

"Мысалы 4 жыл бұрын Үкіметтің қолдауымен кедендік және салықтық аппеляцияны енгіздік. Бұл да табысты жұмыстың үлгісі. Әртүрлі санаттағы шағымдардың 35 пайызын сотқа жеткізбей шешу мүмкіндігіне қол жеткіздік. Керемет көрсеткіш емес пе? Алайда біз "келіссөздердің күшінің жоюуы" туралы айтар болсақ, бұл көрсеткіштің үлесі – бар-жоғы 7 пайыз. Әйтсе де жалпы шағымдардың үлесі үш есе азайғаны – аудиттің күшейгенін көрсетіп отыр. Адамдарды соттан сотқа сүйреу міндетін мойнымызға алғанымыз жоқ", - дейді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу