Сәбидің өліміне кінәлі тіс дәрігеріне сот үкімі шықты

1105

Дәрігер кінәсін мойындаған жоқ. 

Сәбидің өліміне кінәлі тіс дәрігеріне сот үкімі шықты

Бір жарым жасар сәбидің өліміне кінәлі деп танылған тіс дәрігері 2 жарым жылға сотталды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ол жекеменшік стоматологиялық клиникада анестезиолог қызметін атқарған еді. Қайғылы оқиға осыдан екі жыл бұрын болған.

Дәрігерге қатысты тергеу жұмыстары жарты жылға созылды. Бірқатар сараптама тағайындалып, істің анық-қанығы егжей-тегжейлі тексерілді. Ақырында кішкентай науқасқа тағайындалған препараттың 3 жастан асқан балаларға салынатыны дәлелденді. Алдын ала аллергияға сынама да жасалмағаны анықталды. Соған қарамастан, Гиппократқа ант берген ақ халатты кінәсін мойындаған жоқ.

Атап өту керек, бұл Наумованың алғашқы қателігі емес. 2016 жылы 13 жастағы қыздың өліміне себепкер болған еді. Сараптама марқұмға дәрінің мөлшерден артық салынғанын анықтады. Бірақ іс сотқа жетпеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу