"Самұрық-Қазынаның" директорлар кеңесі құрған химиялық компания "күмәнді"

1691

"Самұрық-Қазына" қоры директорлар кеңесінің шешімімен 2009 жылы "Біріккен химиялық компания" құрылды. Қазір оның тиімділігі күмән туғызады", – дейді Сенат депутат Әлімжан Құртаев. 

"Самұрық-Қазынаның" директорлар кеңесі құрған химиялық компания "күмәнді"

"Есеп комитетінің бағалауынша, химия саласындағы жобаларды іске асыратын ұйымдарды капиталдандыруға 349 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде 73 пайызы, яғни 256 млрд теңге Ұлттық қордан қаржыландырылды. Жоғарыда аталған "Біріккен химиялық компания" жалпы 21 жобаны іске асырады деп жоспарланған болатын. Ал іс жүзінде алтауы ғана іске асырылды. Олардың екеуі шығынды жоба. Үш жоба – инфрақұрылымдық, бір жоба толық өндірістік циклға жатпайды және толық жұмыс істемейді", – дейді Сенатор. 

Оның айтуынша, химия саласындағы жобаларды басқару тиімділігі төмен деңгейде. Тиісті мемлекеттік органдарда "жүйелі жұмыс жоқ". 

"Бүгін химия өнеркәсібіне терең, сапалы талдау жасап, нақты бағыттарды анықтайтын уақыт келді. Осы саладағы барлық инвестициялық жобалар мұқият іріктелуге тиіс", – деді Әлімжан Құртаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу