"Биылғы желтоқсанда газ құбырының магистралі іске қосылады. Бес бірдей автоматтандырылған газ тарату стансасы, газ өлшеуіш станса мен басқару бекеті де осы кезде салынып бітеді. Осының арқасында желтоқсан мен қаңтар айларында Жезқазған, Теміртау және Қарағанды қалалары газ құбырын тұңғыш тұтынушылардың қатарына кіреді", – делінген Энергетика министрлігі таратқан ақпаратта.
Жобаның екінші кезеңінде газ құбырына Көкшетау қосылады. Үшінші кезеңде Петропавл көгілдір отынның игілігін көруі тиіс. Ал төртінші кезеңде Жезқазған мен Теміртауда компрессорлық станса салу жоспарланған.
Есімжан Нақтыбайұлы
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу