Шанхайда "Болашақпен" оқитын студенттер саны артады

774

Шанхайда "Болашақпен" оқитын студенттер саны артады

ҚР білім және ғылым министрлігінің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ  президенті Жанболат Мелдешов басқарған делегациясы Шанхайға жұмыс сапары кезінде білім саласындағы мемлекеттік органдар және ЖОО өкілдерімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан икемді сыртқы саясаттың және өзінің тиімді геосаяси орнын пайдаланудың арқасында Қытай мен Еуразия елдері арасында сенімді көпірге айналып отыр. Президенттік "Болашақ" стипендиясының есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие жастарымыздың зияткерлік әлеуеті -  Қазақстанды дамытудың мықты факторларының бірі, - деді Жанболат Мелдешов Шанхай политехникалық университетінің (ШПТУ) проректоры Се Цинхуамен кездесу барысында.

Өз кезегінде, ШПТУ қазақ студенттерінің тегін білім алуы үшін Қазақстанға бөлінетін гранттар санын көбейтуге ниет білдірді. Шанхай шет тілдері университетінің өкілі де қазақстандық студенттерге қосымша грант бөлуге әзір екенін айтты.

Шанхай білім басқармаларының қызметкерлерімен кездесу барысында алдағы 2018 жылдың қараша айында өтетін жыл сайынғы Қазақстандағы халықаралық білім жәрмеңкесі талқыланды.  Оқу орындарының көптігі мен дәрежесінен Шанхай теңдессіз болмақ. Жәрмеңкеге 40 астам жоғары оқу орындары, сондай-ақ "топ 70"-ке енетін Фудань және Көліктік университеттері қатыспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу