Шетелге еңбекке қабілетті 4 мың қазақстандық кеткен

644

Елімізге сырттан келгендер саны 2 есе азайды.

Шетелге еңбекке қабілетті 4 мың қазақстандық кеткен

Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша елге 2,1 мың адам келді, бұл бір жыл бұрынғыдан 51,6%-ға төмен. Ал 5,5 мың адам елден кетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,9% аз, деп хабарлайды inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап

Қазақстанға келгендердің ішінде 1,6 мың адам еңбекке жарамды азаматтар. Алайда елден одан да көп, яғни, 4 мың жұмысқа қабілетті адам кетті. Сондай-ақ, елге 15 жасқа дейінгі 204 бала келді, ал осы жастағы 1,3 мың адам Қазақстаннан кетті.

Келушілердің арасынан 204 адам жұмыс мақсатымен, 11-і оқуға байланысты келді. Оқудан шығарылғандардың ішінде 301 адам жұмысқа аттанды, 53-і білім адуға кетті.

Айта кететіні, 2020 жылдың дәл осы кезеңінде 7,3 мың адам елден кетіп, 4,3 мың адам келген еді.

Шетелге кеткендердің 82%-ы ТМД елдеріне аттанған. Олардың саны 4,5 мың адам шамасында. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31,2%-ға аз. Оның ішінде 4,4 мың адам Ресейге кеткен. Сондай-ақ қазақстандықтар жиі баратын бағыттардың қатарында Өзбекстан мен Беларусь бар.

Тиісінше, Қазақстаннан көшкендердің 18% -ы немесе 995 адам әлемнің басқа елдеріне кетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 30,2% артық. Оның ішінде 745 адам Германияға барған. Қазақстандықтар таңдаған бағыттардың қатарына Израиль мен Польша да бар.

Ал елімізге ТМД мемлекеттерінен 1,7 мың адам келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 43,6% -ға аз. Оның ішінде 851 адам – Ресейден, 518 адам – Өзбекстаннан, 125 адам – Қырғызстаннан келген.

ТМД-ға кірмейтін әлемнің басқа елдерінен 350 адам келді – бұл бір жыл бұрынғыдан 3,5 есе аз. Олар көбінесе Қытай, Түркия және Ауғанстаннан келгендер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу