ШҚО-да кене энцефалитін жұқтыру деңгейі жоғары

592

Өңірде кене энцефалитіне қарсы шаралар жүргізілуде.

ШҚО-да кене энцефалитін жұқтыру деңгейі жоғары Фото: ашық дереккөз

Көктем келіп күн жылынса, кененің қаптай бастайтыны белгілі. Көзге елеусіз көрінгенімен адамдарға тигізер зияны үлкен. Ресми деректер бойынша Шығыс Қазақстан облысында кене энцефалитін жұқтыру деңгейі республика бойынша орташа көрсеткіштен 4 есе жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыстағы Глубокое, Алтай, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха аудандары және Өскемен, Алтай, Риддер қалаларының маңындағы табиғи аумақтарда кене шағу қаупі басым. Содықтан өңірде кене энцефалитіне қарсы шаралар жүргізілуде.

- Шығыс Қазақстан кене энцефалитін жұқтыру қаупінің "жоғары" аймағына жатады. Облыста аурушаңдық деңгейі республика бойынша орташа көрсеткіштен 4,1 есе жоғары. Кене маусымы сәуірде басталып, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қыркүйектің соңына дейін созылуы мүмкін, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, өткен жылы өңірдегі эпидемиологиялық маусымда кене энцефалитінің 9 жағдайы тіркелген.

- Кене энцефалиті – дене қызуының жоғарылауымен, интоксикациямен және жүйке жүйесінің зақымдануымен көрінетін қауіпті вирустық инфекция. Вирус кене энцефалитін жұқтырған адамнан сау адамға тарамайды. Осы ретте, тұрғындардан табиғат аясына шыққан кезде барынша абай болу керектігін ескертеміз, - дейді департаменттің штаттан тыс бас эпидемиологы Бұлбұл Сағидолда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу