Швецияда H5N8 құс тұмауын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

1074

Швецияда H5N8 құс тұмауын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

Швецияда H5N8 құс тұмауын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. Бұл туралы елдің ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегіне сүйеніп Би-би-си хабарлады. Вирус жұқтырған жабайы құс Швецияның оңтүстігіндегі Сконе провинциясында табылып отыр. Сондай-ақ Хельсинборг маңындағы фермада тауықтардың Н5 вирусын жұқтырғаны анықталды.  Министрлік өкілінің айтуынша,  ауру тарап кетпеу үшін  фермадағы құстарды түгелдей қыруға тура келмек. Еуропада қазір H5N8 вирусы ушығып тұр. Абырой болғанда, оған тек құстар ғана шалдыққан.  Швецияның ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері елде адамның  вирусты жұқтыруы неғайбыл екенін, дей тұрғанмен бәрібір сақ болуды ескертуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу