Шығыс Қазақстанға Қытайдың "ТВЕА" компаниясы озық технологиялар әкелмекші

1038

Шығыс Қазақстанға Қытайдың "ТВЕА"  компаниясы озық технологиялар әкелмекші

 "ТВЕА" ААҚ Шығыс қазақстан облысымен озық технологияларды бөлісуге әзір, деді қытайлық компаниялардың халықаралық байланысы жөніндегі президенті Ху Нан "Altai Invest-2016" халықаралық форумында, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА.

Осы сөздерімен ол Жібек жолы экономикалық белдеуін іске асыру аясында "Бір белдеу - бір жол" атты бірлескен құрылыс тақырыптары бойынша өз пайымын қорытындылады.

Оның айтуынша, ТВЕА мен ШҚО кәсіпорны энергетика, көлік, тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастықтың барынша кеңейтілген жолын іздеуге әзір.

Ху Нан жемісті ынтымақтастық екі ел халықтары мен экономикасының гүлденуінен көрінетініне сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу