Шымкентте мемлекеттік мекеме басшысы бас бостандығынан айырылды

780

Ол 300 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікті болған.

Шымкентте мемлекеттік мекеме басшысы бас бостандығынан айырылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте агенттіктің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров өткен аптада әшкереленген кейбір сыбайлас жемқорлық фактілерін айтып өтті.

"Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Б. Үмбетке коммерциялық семинар өткізуге "Шымкент Цирк" МҚК залын жалға алуда цирк кассасына іс жүзінде қаражат төлеместен, қосымша уақыт бөлуге жәрдемдескені үшін кәсіпорын өкілінен 300 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікті болды. Биылғы жылдың 19 наурызда Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотының үкімімен Е.Б. Үмбет 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан да айырылды", – деді аға тергеуші.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу