Шымкенттік прокурорлар тұрғын үй алудың қылмыстық схемасын анықтады

Нәтижесінде көші-қон полициясы қызметкерінің 16 адамға қатысты әлеуметтік баспана алу үшін тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізу фактісі әшкереленді. 

Шымкенттік прокурорлар тұрғын үй алудың қылмыстық схемасын анықтады Фото: inbusiness.kz

Шымкент қаласының прокурорлары әлеуметтік несиелік тұрғын үй алудың қылмыстық схемасын анықтады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Ресми деректерге сәйкес, жинақталған құжаттар ҚР Қылмыстық кодексінің 369-бабы, 2-1-бөлігінің негізінде СДТБТ-ге тіркелді (құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық) және тергеу аяқталғаннан соң қылмыстық іс сотқа жолданған болатын.

Сотта көші-қон полициясы қызметкерінің кінәсі толық дәлелденіп, ол "полиция майоры" шенінен айырумен 1,5 жылға сотталды.

Сонымен қоса, тағы 147 адамды жалған тіркеуге қою фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазіргі тағда, кезекке жалған тіркелу мүмкіндігін болдырмайтын және негізсіз өтініштерді сүзуге септігін тигізетін жаңа автоматтандырылған жүйе енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу