Шымкенттің білім басқармасы Кембридж университетімен ынтымақ орнатпақшы

1195

Шымкенттің білім басқармасы Кембридж университетімен ынтымақ орнатпақшы

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай және қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева Кэмбридж университетінің профессорларымен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімдігіне сілтеме жасаған strategy2050.kz.

Профессорлар құрамында білім саласындағы халықаралық эксперттер - Доктор Коллин Маклафлин (Кембридж университеті жəне Сассекск университеті), Профессор Дэвид Бриджес (Кембридж университеті) жəне Доктор Питер Мехисто (Лондон университетінің Білім институты) болды.

Әңгіме барысында шымкенттік тарап қонақтарды қазіргі білім беру жүйесімен, мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жалпы жағдайымен таныстырды.

Əлемнің озық жоғары оқу орындарының өкілдері Шымкенттегі білім жүйесіне ендіріліп жатқан жаңашылдықтарды жоғары бағалап, көпжылдық тәжірибесімен бөлісті. Кездесу қорытындысында тараптар алдағы уақытта екіжақты жемісті қызметтестікке қызығушылық білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу