Сырты істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев 2 жылға сотталды. Нұр-Сұлтан қалалық соты осындай үкім шығарды, деп хабарлайды Atameken Business.
Екі жыл бұрын, аталмыш ведомстваның басшылық лауазымындағы Сәкенова, Нұрекенов және Жұмасанованың кәсіпкерлерден 20 млн теңге пара алғаны әшкере болған. Жымысқы әрекетті жасыру үшін шенділер Қарашевке жүйелі түрде 10 млн теңге беріп отырған. Жауапты хатшы жемқорлықпен қолға түскенімен, прокурор оның іс-әрекетін билігін теріс пайдаланды деп көрсеткен.
Қылмысқа қатысы бар Қазақстанның Өзбекстандағы бұрынғы елшісі Ерік Өтембаев та қамауға алынған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу