ҚР Мемлекеттік қызметкер істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша Жемқорлықпен күрес ұлттық бюросы департаментінің (Жемқорлықпен күрес қызметі) басшысы міндетін уақытша атқарушы болып Нығмеджан Сапаров тағайындалды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Нығмеджан Сапаров 1965 жылы Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Қызыл Ту ауылында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітіріп, ҚР ІІМ академиясын "заңгер", "мемлекеттік және жергілікті басқару магистры" мамандығын алып шыққан. Еңбек жолын 1984 жылы Благовещенский жоғары танк командалық қызыл шебері училищесінде қару шебері ретінде бастаған.
1991-2014 жылдары ішкі істер органдары мен қаржы полициясында еңбек еткен.
2014-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызметкер істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жедел қызмет департамент басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2016 жылдың ақпан айынан қазірге дейін Жемқорлықпен күрес ұлттық бюросы департаментінің басшысы болған.