СҚО-дағы түрмеде төбелес болып, бір адам көз жұмды

715

Сотталғандардың бірі екіншісінің басына болжам бойынша балғамен бірнеше рет соққы жасаған.

СҚО-дағы түрмеде төбелес болып, бір адам көз жұмды

Солтүстік Қазақстан Айыртау ауданы Новоукраинка ауылында орналасқан №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде сотталғандар арасында төбелес болды, деп хабарлайды  inbusiness.kz polisia.kz сілтеме жасап.

"9 қараша күні №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде сотталған екі адам арасында төбелес болған.Төбелес кезінде сотталғандардың бірі екіншісінің басын болжам бойынша балғамен бірнеше рет ұрған. Салдарынан 46 жастағы сотталушы Айыртау ауданының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, есін жимастан көз жұмды", - делінген хабарламада.

Бұл факті ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Ұсталған адам Айыртау аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу