Соңғы бір жарым жылда Солтүстік Қазақстан облысында тоқырап тұрған 15 кәсіпорынның жұмысы жанданды, делінеді аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың есебінде. Бұл туралы облыс әкімдігінің сайтында жарияланып отыр.
Солардың бірі - "Биохим" өндірістік кешені. Аталмыш зауыт Тайынша ауданы аумағында орын тепкен.
Кезең-кезеңге бөлінген жоспарға сәйкес, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында диірмен кешені іске қосылса, екінші жартыжылдықта глютен және крахмал шығару қолға алынады, ал 2018 жылы биоэтанол шығара бастайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу