"Тиыннан теңге құрау" жайын ойлаған тұрғындар ломбардқа көлігін , үйін нарықтағы бағасынан бірнеше есе қымбатқа сатқан. Алайда олар қаражаттарын бөліп алмақ болған.
Бұл ломбард көбінесе жұрттан "өсімімен қайтарамыз" деген желеумен қаражат алып отырған. Бастапқыда ақшасын өсіріп алып отырғандар болған, бірақ олардың қарасы шамалы.
Кейін фирма келісімшарт бойынша жұрттан алған пәтерлер мен көліктерді сатып жібергеннен кейін, барлық филиалын бір мезгілде жауып тастаған. Қарағандыдағы "Гарант 24 ломбард" директоры Қарағанды облысының 36 тұрғынының қаражатының жоғалуына қатысы бар деген күдікке ілініп отыр. Сотқа тергеуші тарапынан директорды қамауда ұстаудың қажеттігі жөнінде өтініш хат түскен.
"Сот тергеушінің өтініш хатын қанағаттандырды және күдіктіні екі айға, яғни 21 сәуірге дейін қамауға алу туралы санкция берді", - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 23 ақпанда Алматы мен Қарағандыда "Гарант 24 ломбард" және "ESTATE Ломбард" филиалдарының директорлары ұсталған болатын. Оларға Қылмыстық кодекстің 190- бабы 4-бөлімі бойынша "ірі көлемдегі алаяқтыққа барды" деген айып тағылуда.
Арайлым Еркебаева