Сот төрелігі саласындағы реформалар талқыланды

501

Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы" консультативтік-кеңес органының  2022 жылғы қорытынды отырысында қылмыстық сот төрелігі саласындағы реформалар мәселелері қаралды, деп жазады inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот төрелігі саласындағы реформалар талқыланды Фото: Сыр бойы

Отырыста мемлекеттік органдардан Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Жоғарғы соттың өкілдері баяндама жасады.

Әділет министрлігінің өкілі министрліктің жобалық кеңсесі жұмыс істемейтін нормаларды, соқтығысуларды, олқылықтар мен сот төрелігіне кедергі келтіретін нормаларды анықтауға бағытталған қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне бап бойынша талдау жүргізгенін хабарлады.

Жоғарғы соттың спикері сот жүйесін реформалаудың басты мақсаты азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін одан әрі арттыру, олардың құқықтарын сотта тиімді қорғауды қамтамасыз ету, сапалы судьялар корпусын қалыптастыру екенін айтты.

Азаматтық қоғамнан "Қадір-қасиет" ҚБ басшысы сөз сөйлеп, кінәсіздік презумпциясы қағидатын қамтамасыз ету және балаларды қорқыту мен буллингтен қорғау мақсатында қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізді.

Күн тәртібіндегі тақырыптарды талқылау барысында отырысқа қатысушылар бар кемшіліктерді жою есебінен қылмыстық сот төрелігін одан әрі жетілдіру бойынша құнды ұсыныстар мен ұсынымдар айтты.

Отырыс соңында қатысушылар алаңның биылғы жұмыс қорытындыларын талқылап, ККО-ның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

Отырысқа ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы, Жоғарғы соттың, Конституциялық кеңестің, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің, мүдделі министрліктердің, қазақстандық құқық қорғау ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ алаңның қонақтары – БҰҰДБ, ЕҚЫҰ, Еуропалық одақ, ЮСАИД сияқты халықаралық әріптестердің, сондай-ақ Астанадағы АҚШ және Канада елшіліктерінің өкілдері қатысты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу