Сұранысқа ие жармалардың ішіндегі ең қымбаты анықталды

2131

Осыдан бір жыл бұрын елдегі ең қымбат жарма қарақұмық жармасы болатын. Алайда бір жыл ішінде бағалардың ара салмағы өзгерді. 

Сұранысқа ие жармалардың ішіндегі ең қымбаты анықталды

Ең жақсы көретін ботқаның бағасы қанша? Сұранысқа ие жармалардың ішіндегі ең қымбаты – сұлы жармасы, ал ең арзаны – арпа жармасы. Бұл туралы Еnergyprom мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйеніп abctv.kz хабарлайды. 

Жарма өндірісі бір жыл ішінде бірден 17%-ға өскен. 

Осыдан бір жыл бұрын елдегі ең қымбат жарма қарақұмық жармасы  болатын. Алайда бір жыл ішінде бағалардың ара салмағы өзгерді. 

Мәселен, шілде айының қорытындысы бойынша қарақұмық жармасының бір келісі 256,5 теңге болған, бұл бір жыл бұрынғы бағадан 29,7%-ға төмен. Осының нәтижесінде ең қымбат жарма сұлы жармасы болған. Оның бір келісі 317 теңге тұрады, бұл бір жыл бұрынғы бағадан 6,5%-ға артық. 

Тарының бір келісі 215,9 теңге (бір жыл бұрынғыдан 4,4%-ға артық), ұнтақ жармасының бір келісі 214,1 теңге (+0,6%). Ең арзан ботақ арпа жармасы болып отыр, оның бір келісі 169,3 теңге (+2,6%).

Тамыз айында күріштің бір келісі 298,5 теңге (+4,4%) болды. 

Жеті айдың қорытындысы бойынша елде 46,2 мың тонна жарма мен ірі тартылған ұн (бір жылда +17,1% ), 103,4 мың тонна күріш (бір жылда +0,4% ) өндірілген. 
 
Елімізде күріш негізінен Қызылорда облысында өсіріледі. Осы өңірде "Абзал и К" ("Маржан", "Янтарь", "Лидер", "Анаит" деген бес атауды қосып алып, "Элита" брендімен шығарылатын ажарланған күріш, сондай-ақ ажарланған жармаланған күріш), "Агро Холдинг Байқоңыр" ЖШС, сияқты ірі компаниялар жұмыс істейді.   
Жарманы өндіруші өңірлер – Павлодар (40,7%), ШҚО (23,2%) облыстары және Астана (16,3%).  Сұранысқа ие жармалардың ішіндегі ең ірі бренд мысалы, "Цесна" ("Концерн "Цесна-Астық"ЖШС).

Қазақстандық өндірушілер ішкі сұранысты толығымен қамтып отыр және экспорттық экспансияны арттыруда. I  тоқсанның қорытындысы бойынша елдегі өндіріс сектордағы сұраныстың 95,9%-ын бірдан қамтамасыз еткен. Импорт 4,6%-ға шамалы өскен.

Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша сыртқы нарыққа жеткізу көлемі бір жылда 26,4%-ға күрт өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу