Тамара Дүйсенова: Проактивті форматта көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру мақсаты тұр

498

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде саланы дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жоспарын таныстырды. Оның сөзінше, аталған жоспар 5 стратегиялық бағыттан және оны іске асыруға бағытталған 25 қадамнан тұрады, деп жазады inbusiness.kz.

Тамара Дүйсенова: Проактивті форматта көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру мақсаты тұр Фото: Ақ Жайық

"Біріншісі – цифрландыруды тереңдету бағыты. Ол әлеуметтік қызметтерді көрсетудің өтініш нысанынан оларды ұсынудың проактивті форматына көшуді қамтамасыз етуге тиіс. 2023 жылғы бағыттың түпкілікті нәтижесі проактивті қызметтердің үлесін олардың жалпы санының 60 пайызына дейін жеткізу болмақ. Бұл міндетті іске асыруды қамтамасыз етудегі негізгі цифрлық өнім отбасының цифрлық картасы болады", - деді ол.

Цифрлық карта мемлекеттік органдар жүйесінің негізінде қалыптасады және елдегі отбасылардың мемлекеттік кепілдіктері бойынша дербестендірілген базасын ұсынады.

"Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ұсынған Алькире-Фостер моделі арқылы отбасылардың әлеуметтік әл-ауқатын бағалау 6 млн-нан астам отбасының мәртебесін, олардың мемлекеттік қолдаудың қандай түріне мұқтаж екендіктерін анықтауға көмектеседі. Мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдер кімге, қашан, қандай көмек көрсету қажеттігін анықтап қана қоймайды. Сонымен қатар бұл әлеуметтік тәуекелдердің алдын алуға да көмектеседі", - деп атап өтті министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу