"Тәуелсіздік алғалы екі заң ғана мемлекеттік тілде даярланған"

1622

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы заң жобаларының ресми тілде жазылуына наразылығын білдірді.

"Тәуелсіздік алғалы екі заң ғана мемлекеттік тілде даярланған"

"Парламентке үкіметтен келетін заң жобалары шикі. Шынайы жағдай терең зерттелмейді. Ең басты мәселе: заң жобаларын мемлекеттік тілде даярлауды қолға алу керек. Аудармашылар арасында заң нұсқаларының түпнұсқалығы жөнінде әртүрлі пікір қалыптасқан. Мұның бәрі заң мәтіні, халықаралық құжаттардың түсінікті болмауына әкеліп соғып жатыр. Өркениетті елдерді былай қойғанда, посткеңестік мемлекеттер өз заңдарын өз тілінде әзірлейді. Ал бізде ше? Тәуелсіздік тарихымызда екі-ақ заң мемлекеттік тілде даярланыпты. Бізге не кедергі болып отыр? Құлық жоқ па, әлде мамандар жоқ па?", – деді Мұрат Бақтиярұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу