"Ресми дерек бойынша, тәуелсіздік жылдарында еліміздегі мектептер саны 1,4 мың бірлікке қысқарған. Егемендіктің алғашқы жылдары Қазақстанда 9 мыңдай мектеп болса, қазір олардың саны 7,4 мыңды құрайды. Мектептердің азаюына болашағы жоқ мекендердегі шағын жинақты мектептерде білім алушылар санының қысқаруы және олардың жабылуы себеп", – деп хабарлады Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы.
Қазіргі кезде елімізде 3,7 млн оқушы бар. Соның 2,2 млн-ы қалалық мектептерде, 1,5 млн-ы ауылдық мектептерде оқиды.
2022 жылы мектептегі оқушы орындарының 270 мың орынды құраған. Қазіргі кезде қала мектептерінде 174 мың орын жетіспесе, ауылдық жерлерде 96 мың оқушыға орын тапшы. Ал орын тапшылығы бір сыныпта бала санын көбейіп, екі ауысым емес, үш ауысыммен оқытуға мәжбүрлейтіні анық.
Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2021-2022 оқу жылында республика бойынша 7 385 орта білім беретін мектеп жұмыс істеген. Оның 6 942-і – мемлекеттік, 443-і – жекеменшік мектеп. Соның ішінде 151 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі Алматы, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласында орналасқан.
"Қазақстан өңірлері бойынша алар болсақ, Түркістан облысы мен Алматы қаласында мектеп жетіспейді екен. Халқы тығыз орналасқан Түркістан облысында 42 мыңнан аса балаға мектепте орын тапшы. Ал ірі мегаполис Алматы қаласында 39 мың оқушыға орын жетіспейді", – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Таймбетов.