"Өзенмұнайгаз" компаниясының қызметкерлері тексеріс кезінде жұмыс орнында болмаған

460

Талап етілген уақытта жұмыс орнына мүлдем келмеген адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша екі жағдай тіркелген.

"Өзенмұнайгаз" компаниясының қызметкерлері тексеріс кезінде жұмыс орнында болмаған Фото: ҚМГ Баспасөз қызметі

Жаңаөзен қаласында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының "Өзенмұнайгаз" (ӨМГ) және қаладағы өзге мұнай сервис кәсіпорындарының қызметін тексеру жөніндегі арнайы жұмыс тобының жұмысы жалғасып жатыр.

Түнгі тексеріс кезінде персоналдың жұмыс орындарында болмауы, түнгі ауысым кезінде еңбек міндеттерін орындамауы, қолдан жасалып, құрастырылған құралдар мен материалдарды, оның ішінде өрт қаупі бар учаскелерде пайдаланған жағдайлар анықталды. Сондай-ақ табельде жұмыс істеген уақытын асыра көрсеткен фактілер белгілі болды, - деп хабарлады ҚМГ Баспасөз қызметі.

Талап етілген уақытта жұмыс орнына мүлдем келмеген адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша екі жағдай тіркелген.

Қызметкер нақты бір саланың маманы ретінде жұмысқа алынып, бір айдан кейін басқа қызметке ауысқан жағдайлар бар. Мысалы, былтыр жұмыс іздеуші компанияға 3-разрядты электр газбен дәнекерлеуші ретінде қабылданып, бір айдан кейін 5-разрядты экскаватор машинисі қызметіне ауыстырылған. Оның үстіне қызметкердің тағылымдама кезіндегі картасында "өтпеді" деген баға тұр, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тексеріс қорытындысы бойынша 2019-2021 жылдардағы құбырлар мен құбыр өнімдері бойынша деректерде сәйкессіздік анықталды. Атап айтқанда, арнайы бағдарламалық жасақтамада есепке алу мен тіркеуде деректердің сәйкес келмеуі байқалады. Ал бұл өз кезегінде деректерді манипуляциялауға жол ашуы мүмкін. 

Сорғы-компрессорлық құбырлар мен штангалар жеткізушілерден тоннамен қабылданады, ал оларды өндіріске ауыстырған кезде өлшем бірлігі данаға ауыстырылады, бұл кейін өнімнің нақты пайдаланылғанын тексеруді айтарлықтай қиындатады.

Бұдан басқа, ӨМГ-нің мұнай ұңғыма құбырларын пайдалану/қызмет ету мерзімін 7 жылдан 2,5 жылға дейін төмендету негіздемесі қосымша тексерілетін болады. 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 26 млрд теңге сомаға пайдаланылған мұнай ұңғыма құбырларының жинақталып қалуы сұрақ туғызады. Олардың жиналу және металл сынықтарының уақтылы өткізілмеу себептері анықталып, толық тексеріс аяқталған кезде тиісті қорытындылар жасалатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу