Темір жол өткелінде тағы бір автобус кептелісте тұрып қалды

1789

15 қыркүйекте дәл осы Шамалған стансасындағы өткелде пойыз автобусты қағып, бір адам мерт болған еді.

Темір жол өткелінде тағы бір автобус кептелісте тұрып қалды

Шамалғанда, автобус пен пойыз апаты болған жерде тағы қоғамдық көлік өткелдің дәл ортасында тұрып қалды. Тұрғындар оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп жіберген, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Анықталғаны, ішкі істер министрлігі көліктік полиция департаменті сотқа дейінгі тексеру амалдарын жасап жатыр. Басқа ақпарат тергеу жұмыстары жүргізілгенше құпияда сақталады деді құзырлылар. Қазір станция маңында тәулік бойы құқық қорғау органдары күзетуде. 

Айта кетейік, 15 қыркүйекте дәл осы Шамалған стансасындағы өткелде пойыз автобусты қағып, бір адам мерт болды. Ал, үш адам ауруханада ауыр халде жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу