Теміржол билетін қымбат бағамен қайта сатқысы келетіндердің жолы жабылды

1831

Электрондық теміржол билеттерін сатудың жетілдірілген жүйесі енгізілді.

Теміржол билетін қымбат бағамен қайта сатқысы келетіндердің жолы жабылды

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ электрондық жол жүру құжаттарына (билеттер) көшті, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

Билеттерді сатудың автоматтандырылған жүйесі адами фактор ықпалын болдырмау үшін қолға алынған.

Енді алыпсатарларға билетті қымбат бағамен қайта сата алмайды.

Жалпы бүгінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның 233 кассасынан және 4500 жеке билет кассасынан, сондай-ақ, 4000-нан астам терминал арқылы және EPAY.RAILWAYS.KZ, bilet.railways.kz ресми сайты бойынша комиссиясыз барлығы 10 интернет-ресурс арқылы сатып алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу