Теңгенің нығаюы аясында банктік салымдар долларсыздандырылды - ҚР Ұлттық банкі

913

Теңгенің нығаюы аясында банктік салымдар долларсыздандырылды - ҚР Ұлттық банкі

Қазақстан Ұлттық банкі 2016 жылдан бастап пайыздық мөлшерлемелердің төменгі шегін қорғау үшін жүйеден теңге өтімділігін алуда. Бұл туралы Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы 2015-2017 ж.ж. есебін таныстыру кезінде Қазақстан Ұлттық банкінің қаржы және нақты активтерді кешенді бағалау басқармасының басшығы Айжан Үсенова айтты, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

"Автономды факторлар тарапынан теңге өтімділігін ұсыну едәуір өсті. Бюджет арнасы арқылы түсім теңге өтімділігін автономды ұсыну көздерінің бірі болды. Екінші фактор теңгенің нығаюы аясында банктік салымдарды долларсыздандыру болды. Қазіргі уақытта Қазақстан Ұлттық банкі алатын өтімділік көлемі жоғары деңгейде сақталып отыр", - деді Айжан Үсенова.

Нысаналы дәліздің төменгі шегіндегі өтімділікті алуға мүмкіндік беретін Ұлттық банктің ноттары өтімділікті алудың негізгі құралы болды. Мөлшерлемелер саясатын жүргізудегі жүйелілік, мерзімділігі бір жылға дейінгі ноттарды шығару және реттеуші тарапынан тұрақты қарым-қатынас орнату нарық қатысушыларына ұзақ мерзімді уақытта қорландыру құны бойынша бағдар берді және бір жылға дейінгі мерзімге теңге құралдарының нарығын қалыптастырды", - деп сөзін жалғастырды Үсенова.

"Ұлттық банктің ноттарын ҚРҚМ ұзақ мерзімді облигацияларға ауыстыру бір жылдан артық мерзімге белсенді ақша нарығын қалыптастыруға мүмкіндік беретін еді", - деп айтты Ұлттық банктің өкілі.

Шын мәнінде, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында жүйелі мәселелер өзекті болып қалып отыр.

"2014 жылы зейнетақы активтерін шоғырландыру және бірыңғай басқарушыға беру МБҚ нарығындағы институционалдық инвесторлар нарығының бірден тарылуына әкелді, нәтижесінде бастапқы нарықтағы белсенділік төмендеді, бұл жерде БЖЗҚ басты және жалғыз сатып алушы болды. Нарық құрылымындағы мұндай өзгеріс нарықтық сипатын жоғалтқан МБҚ нарығындағы бағаның қалыптасу барысына әсерін тигізді. ҚРҚМ МБҚ-ның қайталама нарығы өтімсіз күйінде қалды", - деп атап өтті Айжан Үсенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу