Tesla Үндістанда зауыт салуды жоспарлап отыр

910

8 қаңтарда Tesla өзінің еншілес Tesla India Motor and Energy Private Limited компаниясын Карнатака штатының астанасы Бангалорда тіркеген еді.

Tesla Үндістанда зауыт салуды жоспарлап отыр Фото: rbc.ru

Америкалық кәсіпкер Илон Маскқа тиесілі Tesla компаниясы осы жылы Үндістанда өзінің алғашқы зауытын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusness.kz порталы The Hindustan Times газетіне сілтеме жасап.

Басылымның дерегінше, корпорация Үндістандағы жұмысын бастауға дайын көрінеді. Алғашқы кәсіпорын елдің оңтүстігіндегі Карнатака штатында 2021 жылы жұмысын бастауы мүмкін. 8 қаңтарда Tesla өзінің еншілес Tesla India Motor and Energy Private Limited компаниясын Карнатака астанасы Бангалорда тіркеген еді. 

Компанияны миллиардер Илон Маск 2003 жылы құрған болатын. Ол әуел баста Tesla Motors деп аталған еді, бірақ кейінірек Tesla деп өзгертілді. Бастапқыда компания тек электромобильдерді өндірумен айналысты, бірақ соңғы жылдары күннен қуат алатын батареялар жасап, басқа да энергия жинақтаушы жүйелерді құруға бет бұрды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу