ТМД елдерінің арасында Қазақстан, Ресей және Беларусь Республикасында электр энергиясының тарифі арзан

746

Орталық Азия мен ТМД-да осы үш елде халық электр энергиясын көп тұтынады. Алайда, энергия арзан болуы, оның табиғатқа теріс әсерін жоққа шығармайды.

ТМД елдерінің арасында Қазақстан, Ресей және Беларусь Республикасында электр энергиясының тарифі арзан Фото: turkystan.kz

Index Mundi сарапшыларының пікірінше ТМД және Орталық Азия елдері арасында, жан басына шаққанда электр энергиясын тұтынудың ең жоғары деңгейі Ресейде (жылына бір адамға 6,4 мың кВт/сағ), Қазақстанда (бір адамға 4,9 мың кВт/сағ) және Беларусьте (бір адамға 3,3 мың кВт/сағ) байқалады, деп жазады inbusiness.kz, energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, ең төменгі көрсеткіш Молдовада (бір адам 1,3 мың кВт/сағ жұмсайды), Тәжікстан (бір адам 1,5 мың кВт/сағ жұмсайды) және Өзбекстанға (бір адам 1,6 мың кВт/сағ жұмсайды) тиесілі.

Жалпы, әлем бойынша 2020 жылы мониторингке енген 213 елдің ішіндегі ең жоғары көрсеткіш Исландия, Норвегия және Кувейтте, ең төменгі көрсеткіш (халық сирек қоныстанған Солтүстік Мариана аралдарын есептемегенде)Африкадағы Чад, Гвинея –Бисау және Орталық Африка Республикасында тіркелді.  Индикатор әр елдің бір жылдағы электр энергиясын жалпы тұтыну көлемін халық санына бөлу арқылы есептеледі.

Халықтың тұтыну деңгейіне электр энергиясына белгіленген орташа тарифтің және  ел азаматтарының орташа табысының арақатынасы әсер етеді. Осы ретте Ресейде тарифтер мен кірістердің арақатынасын есептегенде орташа жылдық кіріске жылы шамамен 232,1 мың кВт/сағ және айына 19,3 мың кВт/сағ энергия пайдалануға болады. Қазақстандағы көрсеткіш те осыған ұқсас: мұнда орташа жылдық табысқа жылына 221,8 мың кВт/ сағ және айына 18,5 мың кВт/сағ энергия жұмсауға болады.

Осы критерий бойынша ТОП-3 елдің қатарында Беларусьте бар: жылына 101,4 мың кВт/сағ және айына 8,5 мың кВт/сағ.  Жалпы электр энергиясын өндіру процесі барысында өте табиғи ресурстар пайдаланылады  және экологияға теріс мол. Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ мен Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның сарапшылары 2021 жылы климат өзгеруінің төрт негізгі көрсеткіші - парниктік газдардың концентрациясы, теңіз деңгейінің көтерілуі, мұхиттың жылынуы және оның қышқылдануы — жаңа рекордтық мәндерге жеткенін атап өтті.

Бұл факторлардың барлығы күтпеген салдарға әкеледі — тропикалық циклондар мен дауылдардан бастап, бұрын-соңды болмаған су тасқыны, құрғақшылық, қатты ыстық пен суыққа дейін. Қазақстан климаттың өзгеруіне байланысты экстремалды құбылыстарды толық сезінуде. Климатқа байланысты тәуекелдерге өрт қаупінің жоғарылауы, азық-түлік қауіпсіздігіне әсер ету, жаппай ауруға әкелетін агрессивті атмосфералық шығарындылар мәселелері және т.б. жатады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу