Токио мен Мәскеу Курил аралдарында АЭА құруды талқылауда

1055

Токио мен Мәскеу Курил аралдарында АЭА құруды талқылауда

Жапония мен Ресей  экономикалық байланыстарды дамыту және бейбіт келісім мәселесін шешу туралы келіссөздер шеңберінде Курил аралдарының оңтүстік бөлігінде арнайы экономикалық аймақ құру жоспарын талқылап жатыр. Бұл туралы "Майнити" газетіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Айтуларынша, жоспарда бірлескен кәсіпорындар құру және визасыз алмасулар бағдарламасы бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бар. Дей тұрғанмен, газеттің ақпараты бойынша, Курил аралдарының оңтүстік бөлігінде арнайы экономикалық аймақ құру турасындағы келіссөздер баяу жүргізілуде. РФ президенті Владимир Путиннің Жапонияға алдағы сапары барысында тараптар аталмыш жоспардың тек ортақ қағидалары туралы уағдаласпақшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу