Тондарды таңбалау қарқынды жүргізілуде

930

Тондарды таңбалау қарқынды жүргізілуде

Ішіктер мен тондарды таңбалау жобасы аясында 2820 бұйымға белгі ілінген. 27 қарашада басталған пилоттық жобаны 105 кәсіпкер қолдап,  өз өнімдерін заңдастыруға кірісіпті.  Ресми деректерге сүйенсек, нарықтағы тауарлардың 70-80 пайызы заңсыз жолмен келеді. Елімізде 1500-ге тарта тон сататын кәсіпкерлер болса, олардың бәрі кеденнен өткізгенде декларация толтырып, заңдастыра бермейді. Жаңадан қабылданған ереже осыны жоюға  бағытталуда. Егер, бұл жүйені бізден 1-2 жыл бұрын енгізген Ресей мен  Белоруссияның  тәжібесіне қарасақ, онда бірінші жылы, тері мен тондардың заңды айналымы  7 есеге артып,  1,1 миллионнан астам дана ішік пен тон сатылған. Ал баға 10 пайызға дейін көтеріліпті. 
Заңғар Шыңдалы, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
"Басты мақсат ішіктерге чип ілу, серый, сұр импорттардан құтылу, және саудагерлер аласында дұрыс бәсекелестік орнату. Сатып алушылардың құқын қорғау, оларды кәчествесі төмен ішіктен сақтау үшін".
Қалдық тауарларын чиптеу үшін кәсіпкерлерге  90 күн уақыт беріліп отыр.  Одан кейін сатылған тауарлар заңсыз болып есептеледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу