"Төрт құрлық турнирі": Қазақстан командасы қола жүлдеге қол жеткізді

741

АҚШ-тың Милуоки қаласында конькимен жүгіруден "Төрт құрлық турнирі" бәсекесі аяқталды.

"Төрт құрлық турнирі": Қазақстан командасы қола жүлдеге қол жеткізді Фото: olympic.kz

Соңғы жарыс күнінде қазақстандық конькимен жүгірушілер командалық спринттен қола жүлде жеңіп алды. Олар Канада мен Оңтүстік Корея құрамаларына ғана жол берген, деп жазады Olympic.kz. 

5000 метрге жарысқан ерлер арасында Александр Кленко екінші орын алса, Станислав Палкин оныншы сатыдан көрінді. 

Айта кетелік, аталған турнирде қазақстандықтар бес медаль жеңіп алған болатын.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу