Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі дауыс беру жүйесін енгізді

1128

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі дауыс беру жүйесін енгізді

Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Жеке кабинетте/Интернет-банкте" беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді, деп жазады naryk.kz.

Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Банк салымшылары бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай бағдарламаға қатысу үшін қабылданады.  Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің  саны  нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін банкке жеткілікті түрде берілмесе,  берілген өтініштердің автоматты түрде  күші жойылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге  болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу