Тұрғын үй нарығында белсенділік төмендеді

1376

Мұның бірнеше себебі бар.

Тұрғын үй нарығында белсенділік төмендеді

Тұрғын үй нарығында белсенділік бір айда үш есеге жуық төмендеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, қаңтарда республикада 33 365 тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесі тіркелген. Бұл желтоқсанмен салыстырғанда 65% немесе 61,6 мыңға аз.  

Саланың тұралауы кезінде бірнеше жайтты еске сақтау маңызды. 

“2021 жылдың аяғындағы транзакциялар саны өте көп болды. Яғни, 95 мың мәміле, бұл соңғы 3 жылдағы орташа тоқсандық көрсеткіштен (102,8 мың) сәл ғана аз.  Яғни, желтоқсанда әдетте үш айда тіркелетін баспана сатылды.  Демек, нарықтағы белсенділіктің төмендеуі заңды құбылыс”, – деп хабарлады Бірінші кредиттік бюро. 

Сонымен қатар жыл басында нарықта белсенділік дәстүрлі түрде төмендейді.  

“Жыл басында сатылым әрқашан төмен. Сонымен қатар, егер биылғы қаңтарды 2021 жылдың сәйкес айымен салыстыратын болсақ, онда транзакциялар көлемі бір жарым еседен астамға өсті. Ол кезде транзакциялар саны шамамен 21,6 мың болды”, – деп жазылған бюро таратқан хабарламада.

Сондай-ақ нарыққа БЖЗҚ-дан қаражат алуды азайту әсер етті.  Зейнетақы жинақтары есебінен нарықтың ұсынысы бірте-бірте азайып келеді.  

Қордың мәліметінше, қаңтарда тұрғын үй алу үшін шешілген шекті сома 76,2 млрд теңге болса, желтоқсанда 413,1 млрд теңгеге жеткен.  Орындалған өтініштердің саны бір айда 4 еседен астам қысқарды (208,4 мыңнан 50 мыңға дейін).

“Тағы бір жайт қаңтардағы тәртіпсіздіктер.  Кейбіреулер сатып алуды кейінге қалдыруды шешті, басқалары оны жүзеге асыра алмады (әсіресе айдың бірінші жартысында): банктердің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және нотариустардың жұмысы шектелді. Осылайша, нарықтағы белсенділіктің қазіргі төмендеуі бірнеше факторлардың бірлескен әсерінің нәтижесі болды”, – деп хабарлады Бірінші кредиттік бюро сарапшылары. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу