Тұрғын үйлердегі өрт саны неге азаймай отыр?

134

Жылыту маусымында қауіп одан әрі арта түседі.  

Тұрғын үйлердегі өрт саны неге азаймай отыр? Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Тек жыл басынан бері 8 мың өрт тіркеліп, 213 адам қаза тапты. 

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті жыл сайын профилактикалық жұмыс жүргізгенімен, оның нәтижесі көрінбей келеді. Жыл сайын 10 мыңнан астам үй өртеніп, 300-ге жуық адам көз жұмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл Комитет 220 мыңнан астам үйді аралап, 580 мыңға жуық адамға нұсқау берді.

"Тұрғын үй секторында анықталатын өрт қауіпсіздігі ережелеріне қайшы дүниелер бірдей – тазартылмаған мұржалар, ақаулы электр желілері және жылыту пештері. Біз тұрғындарға мұржаларды айына бір рет. Жылыту маусымы кезінде 3 рет тазалауды ұсынамыз", – деді ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қанат Доспаев.

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылады.

2016-2024 жылдардағы жылыту кезеңдерінде датчиктер 245 адамның өмірін сақтауға көмектесті. Осы жылдың 1 маусымынан бастап үйлерде 8 мың өрт датчигі орнатылды, бірақ мұның барлығы тек тұрғындардың қалауымен, ерікті түрде жасалады. Датчик орнатуға қарсы шыққандарға ведомство өкілдерінің сөзі өтпейді.

Оған қоса жеке тұрғын үй қорының өртке қарсы жағдайын бақылау қолданыстағы мемлекеттік заңнамамен қарастырылмаған.

"Біз тек түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, оның барысында үйлерді аралаймыз және тұрғындардың келісімімен үй іші, нысандар тексеріледі, ұсыныстар беріледі және нұсқаулықтар таратылады", – деді Қанат Доспаев.

Тіпті өрт қауіпсіздігіне қайшы әрекеттер анықталған жағдайда да ешқандай әкімшілік шаралары қолданылмайды, ол да заңмен бекітілмеген. Сондықтан төтенше жағдай қызметкерлері өрттің алдын алу бойынша ешқандай нақты әрекеттерге бара алмайды, тек түсіндіру жұмыстарымен шектеліп отыр.

Дегенмен ТЖМ өкілі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері қайғылы жағдайдың алдын алуға және мүлікті сақтауға көмектесетінін еске салды.

"Электр құралдары мен желілерінің жарамдылығын қадағалаңыз; тек жарамды жылыту және электр жабдықтарын пайдаланыңыз; бір уақытта бірнеше жоғары қуатты құрылғыларды қоспаңыз, электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз; мұржаларды күйеден тазалаңыз; пешті қыздырмаңыз және жарықтарды уақытылы бекітіңіз; пеште және оның жанында үй заттарын кептірмеңіз; сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз; балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз, балаларға пеш жағуға рұқсат бермеңіз және сеніп тапсырмаңыз", – Қанат Доспаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу