Түркімен кілемдері ЮНЕСКО тізіміне енді

2080

Түркіменстандағы дәстүрлі кілем тоқу ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізілген. 

Түркімен кілемдері ЮНЕСКО тізіміне енді

Бұл шешім 12 желтоқсанда Боготада өткен ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің 14-ші сессиясында қабылданды, деп хабарлайды ұйымның сайты.

Түркіменстанның өтінімін материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің бағалау комиссиясының өкілдері бірауыздан мақұлдады.

"Түркіменстанда дәстүрлі кілем тоқу дегеніміз - бұл түрлі түске сай әдемі безендірілген түркімен кілемдері мен қолдан жасалған кілемшелер өндірісі. Кілемдер тығыз тоқылған және негізгі түркімен тайпаларының негізгі бес тайпасының өрнектермен безендірілген. Кілемдер дизайнында кілем жасаушылар өмір сүретін ортаның элементтері, оның ішінде жергілікті флора мен фауна да көрініс табады", - делінген хабарламада.

Кілемдер еден жабыны ретінде де, қабырғаларды безендіру үшін де қызмет етеді. Сондай-ақ, ерекше жағдайлар үшін тоқылған арнайы кілемшелер бар.

"Дәстүрлі кілем тоқу - бұл елдің әлеуметтік-мәдени өмірінің ажырамас бөлігі және Түркіменстан халқының жалпы мәдени ерекшелігінің белгісі", - деді ЮНЕСКО өкілдері.
Бұған дейін түркімен ұлттық ән және би өнері "Куштдепди", "Героглы" халықтық эпосы, Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізілген болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу