Түркіменстан-Ауғанстан-Тәжікстан темір жолының алғашқы бөлігі ашылды

1006

Түркіменстан-Ауғанстан-Тәжікстан темір жолының алғашқы бөлігі ашылды

28 қарашада Түркіменстан-Ауғанстан-Тәжікстан темір жолының алғашқы бөлігі ашылды. Темір жолдың ашылу салтанатына Түркіменстан және Ауғанстан президенттері қатысты, деп хабарлайды Baq.kz.

centralasian.org-тың дерегінше, Ауғанстанға баратын Лоджвард темір жол өткелі үлкен маңызға ие. Бұл жол Түркіменстан мен Еуропаны жалғайды деген үміт бар.

Темір жолдың үш шақырымдық Имамназар-Акгине бөлігі Түркіменстанның қаржысымен салынған. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани осы көмегі үшін алғысын білдірді. Темір жол Андхой қаласына дейін салынуы керек. Темір жол Ауғанстанның Құндыз провинциясы арқылы Тәжікстанға өтеді.

"Ауғанстан болашақта Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы экономикалық жолайрыққа айналады. Осы аймақта орналасқан мемлекеттер соның пайдасын көре алады", – деді президент Ғани.

Президент Гурбангұлы Бердымұхамедов темір жолдың Ауғанстан үшін маңызы зор екендігіне тоқталды. Оның мәлімдеуінше, Түркіменстан Ауғанстанда бейбітшілік орнауына бар күшін салуға әзір.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу