Түркістан қаласында екі қабатты "Яссы" қонақүйінен өрт шықты, деп хабарлайды ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.
"Шатыр өртеніп, соңы екінші қабаттағы тұрмыстық газ баллонының жарылысына ұласқан",– делінген хабарламада.
Қонақүйден 10 адам сыртқа шығарылған, зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.
"Өрт 150 метр аумақты шарпыды. Қазір төтенше жағдай себебін анықтау жұмыстары жүріп жатыр,– делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 25 адамы мен 8 бірлік техникасы жұмылдырылған. Полиция аумақты қоршауға алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу