Түркістан облысында салынып жатқан жерасты өткелі опырылып қалды

2024

Батыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық дәлізінің Түркістан облысындағы Шақпақ асуынан өтетін жер асты өткелінің құрылыс жұмыстары 70-80 пайызға біткен.

Түркістан облысында салынып жатқан жерасты өткелі опырылып қалды

Ұзындығы  840 метр болатын туннельді алғашында ирандық құрылыс компаниясы бастаған. Алайда кейіннен түрлі мәселелер туындап, құрылыс жұмыстарын түрік пен Әзербайжан компаниялары жалғастырып келеді екен. Қазірде жолдың басым бөлігі қазылған. Нақтырақ айтсақ, 200 метрден астам жерді әлі де жарып қазу керек. Сонымен қатар, алда қазылатын 488 метр жерге тіреуіштер орнатылып, цемент құйылу қажет. 

"Біз ирандықтардан құрылыс жұмыстары жартысына келгенде қабылдап алдық. Алайда, осы аралықта 4 жылдай туннель жұмыссыз тұрып қалған екен. Салдарынан төбедегі топырақ отырып, нығайтылмаған, цементтелмеген тіреуіштерді майыстырып, бос топырақ ішіне құлаған. Туннельдің сол жақ бөлігін биылғы жылдың желтоқсан айында қолданысқа беруіміз керек еді. Енді 2020 жылдың сәуір айында қолданысқа беруді көздеп отырмыз. Себебі, туннелдің 28 метрін жауып қалған топырақтың кесірінен жару жұмыстарын жүргізе алмай отырмыз. Өйткені ол қауіпті. Қазір бос топырақты қатайту үшін төбе жағынан бұрғылап, цемент құйып жатырмыз. Содан кейін тазалау жұмыстарын жүргізіп, құрылысты жалғаймыз"- дейді "Evroscom" компаниясы жоба жетекшісінің орынбасары Кадыр Кадыров.

Бос топырақтың туннель ішін жауып қалуы қосымша шығын екені айдан анық. Сондықтан, жер асты өткелінің сметалық құны тағы қымбаттайтын түрі бар. Әзірге қосымша шығынды есептеу жұмыстары жүргізіп жатыр екен. Оның үстіне құрылысқа қажетті кей материалдар түркиядан әкелінеді. Мұндағы жұмысшылардың 70 пайызы жергілікті халық болса, 30 пайызы шетелдіктер. 

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу