Түркістанда 3 мыңнан аса адамның иелігіндегі жер қауіпті аймақта тұр

Өңір шаруалары былтыр шегіртке мен шіркейдің зардабын әбден тартты. 

Түркістанда 3 мыңнан аса адамның иелігіндегі жер қауіпті аймақта тұр Фото: Агроинфо

Биыл осы жағдай қайталанбас үшін дәріленетін аймақтарда 65 топ жұмыс істеуге дайын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков әкімдіктерге жаңа ошақтарды анықтау мен дәрілеуді қатаң тапсырды. Оның сөзінше, дәрілеудің де өз уақыты бар.

– Дайындық ақпан айының ортасына дейін аяқталуы тиіс. Жұмыстың басталуы күн райына байланысты екенін түсініп отырсыздар. Жер қызған кезде күбіршелерден жәндіктер жердің бетіне шығады. Екі аптада қанаттанып үлгереді. Осы екі аптада дәрілеуді, қажет болса, ауысыммен тоқтаусыз жүргізуіміз қажет, – деді ол.

Шегірткелер шаруашылыққа айтарлықтай зардабын тигізеді, ал шіркейлерден адамдар емін-еркін жүріп-тұра алмай қалады. Зиянкестерді жоюға ғылыми тұжырым сүйеу болуы тиіс. Жергілікті басшылық осыны айтып, жедел әрекет ету қажеттілігін еске салған. 

Осы күні болжам орталығы ұсынған дерекке сүйеніп, облыс көлеміндегі дәріленетін аймақтарда 65 топ жұмыс істеуге дайын. Әр топқа химиялық өңдеуге арнайы аймақ бекітіліп, олар барлық қажеттілікпен қамтамасыз етілмек. Дәрілердің уақытылы жеткізілуі, судың қолжетімділігі, дәрілеу құралдарымен толық жабдықтау да бақылауда болады. 

Бүгінде Арыс, Сарыағаш, Келес аудандарында 3 мыңнан астам азаматтың иелігіндегі жер қауіпті аймаққа еніп отыр. Облыс картасының кескінінде техникамен, ұшақпен және жаяу жүріп өңдейтін аумақтар белгіленген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу