Тұтынушы құқығын қорғау бойынша заңнаманы әлі де жетілдіру керек

839

Себебі құжатта біраз олқылықтар бар көрінеді. 

Тұтынушы құқығын қорғау бойынша заңнаманы әлі де жетілдіру керек

Былтыр ҚР Сауда және интеграция министрлігі ел заңнамасына тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулер топтамасын әзірлеген. Кейін 25 маусымда бұл заңға Президент қол қойды. Алайда енгізілген жаңалықтар жүзеге асырылмай келеді. Оның бірнеше себебі бар. Бұл туралы онлайн брифингте ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Біріншіден, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың үш сатылы алгоритмі туралы айту керек. Сот тәжірибесі көрсеткендей, тұтынушылар сотқа жүгінбестен бұрын дәйекті түрде үш сатылы механизмнің алғашқы екі кезеңінен өтуге міндетті. Бірінші – сатушы және дауларды сотқа дейін реттеу субъектісі, екінші – мемлекеттік орган. Осыған байланысты тұтынушының сот арқылы қорғалуға конституциялық құқығын іске асыруға кедергіні алып тастай отырып, заң нормасына өзгерістер енгізу ұйғарылып отыр", – деді спикер. 
 
Екіншіден, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген тұтынушылардың құқықтарын бұзудың барлық түрлерін толық қамтымау. Заңда сатушылардың міндеттерінің тізімі едәуір кеңейді, бірақ бүгінгі таңда Әкімшілік құқық бұзушылықтың тек екі құрамы ӘҚБтК-де қарастырылған. 

"Осыған байланысты, әкімшілік істерді қараудың уәкілетті органының ведомстволық бағыныстылығына тағы екі құқық бұзушылық құрамы бойынша істі беру жүргізілуде", – деді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы.

Асқар Тынысбековтың айтуынша үшінші мәселе салада қоғамдық бақылау жеткіліксіз көрінеді. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын беру толық нәтиже бермеген. 

"Өйткені оларға тауардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау мақсатында оның үлгілерін бақылау сатып алуды жүргізу функциясы берілген жоқ. Электрондық саудада қолданыстағы құқық қолдану тәжірибесінде әлі де олқылықтар бар. Тұтынушылар интернет арқылы тауарларды төлеу кезінде алдау мен алаяқтыққа жиі тап болады, бұл әлеуметтік желілердегі тауарлар айналымын заңнамалық реттеуді талап етеді", – деп толықтырды комитет басшысы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу