Учаскелік инспектор сотталды

813

Үш жастағы баланы өлтірген сотталушыны ұстауда қателік жіберген полиция қызметкері жазаланды. 

Учаскелік инспектор сотталды

Баланы өлтірген қылмыскерді ұстау барысында жұмысына салғырттық танытқан учаскелік инспектор сотталды. Еске сала кетсек, Шет ауданына қарасты Бұрма ауылында бұрын істі болған  Игентай Сопыжанов танысының үш жастағы ұлын өлтірген. Баланың анасы қайғылы оқиғаның алдында Игентай Сопыжановтың өзін қорқытқанын әрі ұрып соққаны жөнінде учаскелік инспекторға хабарлаған. Инспектор баланың анасы Ника Васильеваның жазған шағымын кеш тіркеген. Сонымен қатар Сопыжановқа Никаға тиіспеу жайында ескерту жасаған. Осыдан кейін Сопыжанов Никадан шағымын қайтып алуын талап еткен. Ең соңында ол  Никаның үш жасар баласын тартып әкетіп, өлтіріп тастаған болатын. 

"Учаскелік инспектор бала жоғалған алғашқы уақытта тұрғындармен бірге басшылыққа хабар берместен өзі іздеген. Баланы босату үшін Сопыжановқа қоңырау шалған. Алдында баланың анасы көмек сұрағанда оның шағымын полиция бөлімінде кеш тіркеген. Оның бұл әрекеттері Максим Гарифуллиннің өміріне қауіп төндірген",- деп мәлімдеді үкім оқыған судья Амантай Абдыкамалов.

Сот шешімімен учаскелік инспектордың 4 жылға бостандығы шектелді.  Сондай ақ оған үш жыл мерзімінде мемлекеттік  және өзін- өзі басқару органдарында жұмыс жасауға тыйым салынады. Участкелік инспектор әкімшілік белгілеген жерде 100 сағат бойы жұмыс жасайды, әрі зардап шеккен тарапқа  10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражат төлейді.

Үш жасар сәбидің өмірін қиған Игентай Сопыжанов өмір бойы бас бостандығынан айрылған болатын.

Арайлым Еркебаева 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу