Үйге кезек жүйесі әкімдіктерден "Отбасы банкіне" берілмек

749

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі базасында жыл соңына дейін даму және қолдаудың "Отбасы банкі" атты толыққанды институты құрылады.

 Үйге кезек жүйесі әкімдіктерден "Отбасы банкіне" берілмек

"Отбасы банкі" есепке алу, тіркеу және тұрғын үйді бөлістіруді бір орталықтан атқаратын болады. Бұл туралы ТҚЖБ баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, қойылып отырған міндетті орындау үшін қазіргі кезек жүйесін әкімдіктерден "Отбасы банкіне" беру жоспарланып отыр. Өз кезегінде "Отбасы банкі" баспанасы жоқ жанұялар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет ұсынатын болады.

"Тұрғын үй қолжетімділігі сатысы белсенді түрде ендіріледі. Бір мүше үшін бір КМ-нан (күнкөріс минимумы) төмен табыс табатын отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз үйді жалға алу мүмкіндігі ұсынылады. 2 КМ-на дейін табысқа ие баспанасыз отбасылар (көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасылар) "Бақытты Отбасы" бағдарламасына, ал 3,1 КМ-на дейін табысқа ие баспанасыз отбасылар "5-10-20" пилот жобасына қатыса алады", – дейді Ләззат Ибрагимова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу