ҰҚК қызметкерлері ел аумағында экстремизмге қарсы операция жүргізіп жатыр

770

ҰҚК қызметкерлері ел аумағында экстремизмге қарсы операция жүргізіп жатыр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 21 желтоқсанда еліміздің аумағында  "Ат-Такфир уаль-Хиджра" діни-экстремистік ұйымының ұяшықтарын бейтараптандыру бойынша жұмыстарды бастады.

Жедел іс-шаралар бір мезгілде Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Алматы қаласында жүргізілуде, делінген ҰҚК сайтында.

Діни алауыздықты қоздыру және тыйым салынған  ұйымдардың  іс-әрекетіне қатысу бойынша күдікті болған 16 адам ұсталып,  ҰҚК аумақтық органдарына жеткізілді.

Олардың тұрған жерлері бойынша тінту және басқа да жедел-тергеу, процессуалдық іс-әрекеттері жүргізілуде.

Бұл ұйымдардың мүшелерінің "сенбеушілік үшін айыптау" немесе "такфир" деп аталатын ұстанымды насихаттайтыны белгілі, олар, өз кезегінде "Әл-Каида", "ДАИШ"  және басқа да бірқатар террористік ұйымдардың идеологиясында құрылған.

"Ат-Такфир уаль-Хиджра" жолын ұстанушылар Сирия мен Ирактағы террористердің іс-әрекеттерін қолдайды, сондай-ақ еліміздің конституциялық заңдары мен зайырлы басқару түрін мойындамайды.

Аталған ұйым 2014 жылы сот шешімімен экстремистік деп танылып, оның әрекетіне Қазақстан аумағында тыйым салынған. Ол АҚШ, Ресей, Қытай, Мысыр, Ливия, Марокко, Тәжікстан, Өзбекстан және өзге де елдердің террористік ұйымдар тізбесіне қосылған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті операция барысы және одан әрі тергеу нәтижесі туралы хабарлайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу