Ұлыбританияда 600 елдімекенде төтенше жағдай жарияланды

690

Ұлыбританияда сағатына 146 шақырым жылдамдыққа ие "Деннис" деп аталатын алапат дауыл басталды.

Ұлыбританияда 600 елдімекенде төтенше жағдай жарияланды

Салдарынан судың деңгейі көтеріліп, халық қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. 600 елдімекенде төтенше жағдай жарияланған. Мұндай жағдай корольдікте бұрын-соңды болған емес, деп хабарлайды Atameken Business.

Жергілікті биліктің хабарлауынша 4 тұрғын қайтыс болған. Жол қатынасы тоқтатылды. Жүрдек пойыздар да жүрмей жатыр. Әуе рейстерінің барлығы кейінге шегерілді. Себебі Хитроу әуежайына қонбақ болған ұшақ екпінді желдің кесірінен жолақтан шығып кете жаздап, жолаушылардың өміріне қауіп төнді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу